$538.64 €631.56 ₽6.85
×

Қостанай диқандары «Азық-түлік корпорациясына» 130 миллион теңге қарыз

AstanaTV
16.09.2014ж. 10:00
1954
Қостанай диқандары «Азық-түлік корпорациясына» 130 миллион теңге қарыз

Тобыл өңірінің бір топ диқандары мемлекетке 130 миллион теңге қарыз. Қомақты қаражатты қостанайлық шаруалар екі жылдан бері қайтармай келеді. Үкіметтен бөлінген қаражатты өңірдегі қырыққа жуық шағын шаруа қайтара алмай жүр. Олар 2012-2013 жылдары «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» арқылы көктемгі егіс-науқанына төмен пайызбен несие алған.

Алайда жергілікті диқандар былтыр сексен миллиондай, ал 2012-жылы 50 миллион теңгені қайтармапты. Келісім-шартты дер кезінде орындамаған шаруаларды сотқа беріп жатырмыз дейді, - корпорацияның өңірлік өкілдігі. Енді олар негізгі қарызбен қоса 10 пайыз үстемақы төлеуі тиіс.

Мирас Төрежанов, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің басшысы:

Сот бойынша сельхозпроизводитель өзі бермесе, «СПК Тобыл» гарант бойынша ақша төлеуі керек. Сосын регреснем в порядке «СПК Тобыл» крестьяндармен өзі соттаса алды. Сондықтан, біз ақшаны бәрібір қайтарып аламыз.

Заңғар САНАЙ