$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Қызылордада күріш шаруашылығын жаңа сорттар сақтап қалады

AstanaTV
15.09.2014ж. 20:00
2669
Қызылордада күріш шаруашылығын жаңа сорттар сақтап қалады

Қызылорда облысында күріш жинау науқаны қызды. Соңғы жылдары Қазалы ауданында күріш өнімділігі төмендеп кетті. Мамандардың паймынша, ақ дақыл түрлі ауруларға шалдыққан. Осыған орай, оның сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында биыл алғаш рет қызылордалық «ҚазЕр-6» сорты, аймақтың 6 шаруашылығына ұлестірілген еді. Қазалылық «РЗА» шаруашылығына 2 мың 100 гектардың әзірше 5 гектарына жаңа сұрыптағы күрішті екен. Шаруалар жоғары өнім алудан үмітті.

Рүстембек Ондашев, Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері:

Сорттың  бір артықшылығы, біздің жағдайымыздағы тұзды топыраққа жақсы өсіп, өнеді. Және көктемнің салқын уақыттары болған кезде судын терең қабатында жақсы көктеп шыға алады. Және де бұл жергілікті жерде өсіп, шыққаннан кейін біздің ауа-райымызға жақсы бейімделген, мынау күндізгі қатты ыстық, түнгі төмен температурада да бұл өзін жақсы көрсете біледі. 110 күнде сорт піседі.

Нұрлан Наурызбаев, «РЗА» ЖШС агрономы:

Гектарынан сол 50 центнердің үстінде алмақ ойымыз бар. Сөйтіп одан 20 тонна таза тұқым қуйылса, келесі жылы 50-60 гектарға осы тұқымды көбейтеміз. Бұл сорт - элита тұқымы, әрі қарай шаруашылықтарға тарату ойымыз бар.

Айта кетейік, 2012-жылы күріш ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары дақылдың жаңа сортын шығарды. Ол екі жыл бойында зерттеуден өтті. Биыл шаруашылықтарға алғаш рет таратылды. Жалпы облыс бойынша өңірдің бас дақылы - күріш биыл 81 мыңнан астам гектар жерге егілген. Әзірге 16 мың гектардан өнім жиналды.

Шәрипа САҚТАПОВА