$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Депутаттар электронды білім бағдарламасын жабуды ұсынды

AstanaTV
15.09.2014ж. 20:00
1047
Депутаттар электронды білім бағдарламасын жабуды ұсынды

«Е-learning» электронды оқыту бағдарламасын жабу қажет! Атышулы жобаға бөлінген қаржы ақталмай жатыр. Бүгін бюджет жобасын таныстыру кезінде Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова осылай деді.

Депутатар білім бағдарламасына біраз деректерді келтірді. Өткен үш жыл ішінде жобаға жиырма жеті жарым миллиард теңге бөлінген. Ал, электронды жүйе бар болғаны 1159 нысанға енгізіліпті. Министрлік алдағы екі жылға тағы 16 миллиард теңге сұрап отыр. Алайда ол қаражат қазынадан бөлінбеуі мүмкін.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет Комитетінің Төрайымы:

Бұл бағдарламаның тиімділігі нөл десек болады, өткен жылы да бізге ешкім ештеңе түсіндірмеді, биыл да өткізілген тест e-learning-те жақсылықтың иісі жоғын көрсетіп отыр, бұл бағдарламаны жабу керек. Мені басқа да комитетет мүшелері қолдайды деп ойлаймын.

Мөлдір ДЮСЕКИНА