$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Ұлттық қордан қанша қаржы алынады?

AstanaTV
15.09.2014ж. 20:00
1001
Ұлттық қордан қанша қаржы алынады?

Келесі жылы Қазақстанда мұнай көлемі жоспарланған межеден 1,2 млн тоннаға кем өндіріледі. Бұл туралы 2015-17-жылдарға арналған бюджет жобасын таныстырған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Келесі жылы 83 млрд деп жоспарлап едік. Қашағанның тоқтап тұру әсерінен бұл жобаны төмендетіп отырмыз. 81,8 млн тоннаға дейін.

Министрдің айтуынша, мұның салдарынан бюджетке түсім едәуір азаяды. Бірақ, Үкімет 2019 жылы мұнай өндірісін бірден 96 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Әрине, бұл Қашаған іске қосылған жағдайда ғана мүмкін.

Бюджеттің басқы шығыстарына тоқталатын болсақ, заң жобасында келер жылы әлеуметтік міндеттерді орындауға 194 млрд теңге қаралған. 2017 жылға дейін ол 600 млрд-қа дейін өседі. Қаражат азаматтық қызметкерлердің жалақысын, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер айлығын және шәкіртақыны өсіруге жұмсалмақ.

«Еңбекпен қамту 2020» бағдарламасын іске асыруға алдағы үш жылдыққа 300 миллиард теңге қаралған. «Қол жетімді баспана» жобасына 524 миллиард теңге бөлінбек. Мәжілістегі жұмыс тобы бюджет жобасын қабылдады.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА