2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Қазақстанда зейнетақы көлемі 9 пайызға өспек. Бұл туралы мәжілістің 2015-2017
жылдарға арналған республикалық бюджет жоспары туралы заң жобасын ұсынуда
еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Алдағы екі жылда әлеуметтік қорғау
саласына 5,8 миллиард, оның ішінде 2015 жылға 1,7 миллиард теңге бөлініп,
зейнетақы мөлшері 9 пайызға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 7, мүмкіншілігі
шектеулі және асыраушысын жоғалтқандарға 25 пайызға дейін ұлғаймақ», - деді Қаржы
министрі.
Жұрағат БАМАН