Қызылорда облысындағы Арысқұм
кенішінен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына соңғы үш күнде 34 науқас
жеткізілген. Астан уланғандарды 13 қыркүйектің түнінде жедел жәрдем жеткізді.
Олар - «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» компаниясына қарасты кеніштің
жұмысшылары. Барлығы әлсіздікке үшырағандарын,
дене қызуының көтеріліп, іштері өткенін айтып шағымданған.
Айтуларынша, сенбі күні түскі астан
соң жағдайлары нашарлаған. Дәрігерлер әзірге
нақты қорытынды жасаған жоқ, олар анализ сараптамалырын күтіп отыр. Нәтиже
19-ші қыркүйікте дайын болады.
Қаракөз Балабекова, Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар
ауруханасының бас дәрігері:
Бүгінгі таңда жағдайлары орташа деп айтуға болады. Кейбір науқастардың анализдерінде қандарының өзгерістері бар. Барлығы толық ем қабылдауда. 3-4 науқаста әлде де үлкен дәреттері жиі болып, дене қызулары көтеріліп тұр. Бірақ интоксикация белгілері көбісінде
азайып, емдерін жалғастырып жатыр.
Ғалымжан Құанбаев, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз»
компаниясының жұмысшысы:
Қатты ауырып келгенбіз ол жақтан. Отравление
болдық па, білмей
жатырмыз. Ішім ауырып қатты, тонып, қалтырап. Действительно, отравление болған
шығармыз, деп
ойлап отырмыз.
Шәрипа САҚТАПОВА