$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мұнай бағасы құлдырап барады

AstanaTV
09.01.2016ж. 20:00
1767
Мұнай бағасы құлдырап барады

Осы аптада мұнайдың  Brent маркасының баррелі 33 доллардан да түсіп кетті. Қаңтардың 7-де 32,86 долларға дейін құлдырады.Солтүстік америкалық  WTI –ң котировкасы да құлады: баррелі $32,68 –ге дейін. Brent қытай қор биржасының апта ортасында 7,32 пайызға құлауынан соң арзандады.Ал Bloomberg-ң хабарлауынша, шикі мұнай нарығы шімпілдеп толып тұр.  Интерфакс-ң ақпаратына сүйенсек, сәрсенбіде рубльдің долларға шаққандағы бағамы көтеріліп, Ресейдің Орталық банкі 11-қаңтарға дейін бекіткен ресми бағамнан 2 рубльге жуық өскен - 75 рубльге дейін. Рубльдің құнсыздануының басты себебі мұнай бағасының құлауы екені мәлім. Ал мұнай бағасы ғана емес, рубльге байланысты да сезімтал теңгенің америка валютасына шаққандағы бағамы жұмада айырбастау пунктерінде 355-теңгеден сатыла бастады. Ал апта басында Brent –ң баррелі 38,5 долларға дейін көтерілген-ді. Оның себебін аналитиктер Иран мен Сауд Арабиясының текетіресімен байланыстырған. Бірақ өсім тез қайтты да, керісінше, мұнай бағасының арзандауына ықпал ете бастады...