Павлодарда Lexus жол талғамайтын
көлігінің иесі темір тұлпарын банктердің бірінің есік алдында қалдырып кетті. Бұдан кейін жүргізуші машинадан мемлекеттік нөмірлерін
шешіп, ізін суытқан. Бұл туралы «Время» газеті жазады.
Павлодар облыстық ішкі істер
департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмованың басылымға берген
ақпарына сәйкес, Lexus-тың қожайыны анықталған. Ол, банк бөлімшесі орналасқан, ғимараттың иесі болып шықты. Белгілі болғандай, нысан иесі мен банк арасында келіспеушілік туындаған.
Қазіргі таңда көлік айып тұрағына
қойылды. Lexus иесіне автокөлікті теріс орынға қойғаны үшін, 10 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жаза қолданылмақ.
Жұрағат БАМАН