Елімізде тастанды балаларға
арналған «сәби-жәшіктер» пайда болуы мүмкін. Білім және ғылым министрлігі
Балалар құқын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдардың
консультативтік кеңесі осындай ұсыныс тасталды деп, «Айқын» газеті жазды.
«Бэби-бокстар» посткеңестік
кеңістікте алғаш рет көрші Ресейде қойылыпты. Бүгінгі таңда тасжүрек әкелер мен
«көкек-аналар жаңа туған сәбилерді қоқыс жәшіктеріне тастап кетуді әдетке
айналдырған. Салдарынан сәбилер шетінеп жатыр.
Бұл олқылықтың орнын алу керек,
дейді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. Олар отандық «Бэби-бокстар» көшелерде
емес, ауруханалар жанынан ашылуы керек дейді. Және бұл тек нәрестені қабылдау
пункттері болмауға тиіс: онда жас босанған әйелге де анонимді көмек көрсетілсе
жөн болар десті. «Бұл ұсыныс қазір Үкімет тарапынан қарастырылып жатыр, - деп
құлағдар етті Балалар құқын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразәлиева.
Бағдарлама қолға алынса, оны жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар тартылмақ.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА