Екі мемлекеттің текетіресі осы қазір-саудиттердің шейт уағызшысы Нимр ән-Нимрді өлтіруінен басталған жоқ. Олар аймақтағы мемлекеттерге билік жүргізіп, ықпал ету жолында бұрыннан бәсекелестер. Оның жарқын мысалы – Сириядағы позициялары: Тегеран үшін Сирия президенті Башар Асад одақтас, ал Сауд Арабиясы Сирияда Асадқа қарсы соғысып жатқан сүннит топтарға -оның ішінде террорлық «Джабхат ән-Нусра» мен ДАИШ-ке де қару жеткізеді- деген ресми емес ақпарат бар. Әйтсе де былтыр Венада Иран мен Сауд Арабиясы Сириядағы соғыс саяси процестермен тоқтауы керек екеніне келіскендей болған. – Енді сириядағы қақтығыстарды саяси тетіктер арқылы шешу мүмкіндері сарқылды- деп сипаттайды, әлемнің беделді ақпарат құралдары. The Financial Times –ң жазуынша, «Сауд Арабиясы мен Иранның текетіресінен Таяу Шығыста 2016 жыл қаһарлы басталды».
«Pozneronline.ru» порталында Владимир Познер мен Иван Урганттың «Еврей бақыты» деген циклді фильмі көрсетіліп жатыр. Иерусалим туралы бірінші сериясында арабтар мен еврейлердің бір-біріне жеккөрініші туралы айтылады. Әрине, фильмде терең саяси сараптама жоқ. Бірақ мына тұсын назарларыңызға ұсынамын:
«Еврей бақыты» фильмінен үзінді
Бұл аймақта тыныштық орнамайтыны, Палестина мемлекетінің құрылатынына сондағы арабтардың өздерінің күмәнданатыны – бірінші кезекте сол аймақтағы мұсылман әлеміндегі алауыздықтың шегіне жеткені. Екіжүзділік. Сосын шексіз билік. Елді қанау мен белден басу. Ғылым мен білімнің, жаңаның көшінен қалу. Жә, бұл басқа әңгіме.
Иран мен Сауд Арабиясының арасында соғыс бастала қоймас. Бірақ текетірестің «артық болмас білгенің» дейтін тұстары Ләйлә Қазияқпарованың материалында.
3-қаңтар күні
Сауд Арабиясы мен Иран арасында тұтанған
кезекті конфронтация соңғы 30 жыл ішіндегі ең ірісі. Бұл жолғы шекісу де үйреншікті
сценарий бойынша, теократиялық қақтығыстан бастау алды. Саудия соты 48
адамды содырларға болысқаны үшін өлім жазасына кесті. Араларында шейіттік
ағымның лидерлерінің бірі Нимр Әл Нимр де болған. Уағыздарын
миллиондаған адам тыңдайтын. Ол Сауд Арабиясының қазіргі билігіне сан мәрте
ашық қарсылық танытқан. Ақыры
шейхқа «ұлттық тұтастыққа қауіп
төндіріп, алауыздық туғызды, сондай-ақ билікке иланбай, құқық қорғау қызметкерлеріне қару кезді» деген айып тағылған.
Нимр Бакр
әл-нимр:
Мен өзімді бұл елде ешқашан қауіпсіз сезінген жоқпын. Біз түрмеге қамалғандарды қорғауды жалғастырамыз.Оған ешкім бөгет бола алмайды.
Діни көсемнің өлімі Иранда басымдыққа ие шейіттер үшін ауыр соққы болды. Тегеранда ашуға булыққандар Сауд Арабиясының елшілігін талқандап, ғимаратқа өрт қойды. Ешкім зардап шеккен жоқ, дипломатар қашып үлгерді. Бірақ, біріккен корольдік бұған төзбеді. Бірден Иранмен дипломатиялық байланысты үзіп, ирандық дипломаттарға да өз аумағын босату үшін 48 сағат берген. Кейін Парсы шығанағы елдерінен Иранға қарсы коалиция құра бастады. Осылайша, Бахрейн, Судан, Кувейт те Тегерандағы елшілерін алдырды. Мұнайлы қос мемлекет талайдан тайталасып келеді. Тараптар дипломатиялық қарым қатынасты 80 жылдары да үзген. Бірақ ұзаққа бармады. Иран да Сауд Арабиясы да ислам әлемінде жетекші елге айналғысы келді. Отандық сарапшы Расул Жұмалы Шейхтің өлтірілуі Иранның айдап салуларынан болып отыр дейді. Бірақ, дүдараздық үлкен соғысқа ұласпайды деген сенімде
Расул Жұмалы, сарапшы:
Десе де үлкен соғыс әрекеттеріне жете қоймайды, менің ойымша. Себебі екі мемлекеттің де – Иранның да, Сауд Арабиясының де ашық соғысу мүдделерінен шықпайды. Жалпы екі мемлекеттің арасында түрлі кикілжіңдер бұған дейін де болған. Дипломатиялық қарым-қатынастарын да бүгінгідей үзген кездері де болды. Бірақ үлкен соғыс әрекеттеріне қалай болғанда да ұласқан жоқ.
Таяу Шығыстағы ірі саяси ойыншылардың діни текетіресі желеу ғана, дейді сарапшы. Екі алып мемелекет жылдар бойы полярлық фракцияларды қолдап отыр. Яғни, Иран Сириядағы азамттық соғыста президент Башар Асадты жақтаса, Сауд Арабиясы Сирияның оппозициясына демеушілік етіп келеді. ДАИШ-ке қарсы күресте де бөлек коалиция құрамында. Сауд Арабиясы АҚШ басқарып отырған Батыс одағында болса, Иран Ресеймен одақтас.
Расул Жұмалы, сарапшы:
Сириядағы жағдай онсыз да күрделі. Сауд Арабиясы да, Иран да, Түркия да, басқа мемлекеттер соғыс әрекеттерін жасап отыр. Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы жанжал соғыстың одан әрі өрши түсуіне алып келеді. Себебі олар ашық одақтас болмаса да, ДАИШ-ке қарсы әрекеттер жасауға тырысты. Тіпті АҚШ бастаған коалицияға енеміз дегендей әңгімелер де болды... Олардың мақсаты әрқалай, қолдап отырған топтары әр түрлі.
Әлемдік эксперттердің топшылауы бойынша да Иран мен Сауд Арабиясы ашық соғысқа бармайды. Алайда екі тараптың да қатысуымен Таяу Шығыста өршіген локалды соғыстар ушыға түседі. Мәселен, Йемендегі соғыс. Мұнда Саудиттер сүнниттік ағым ұстанушы билікке болысса, Иран билікке қарсы шыққан хуситтерді қолдайды.
Расул Жұмалы, сарапшы:
Жанама текетірес, мысалы, Сирия жерінде, Йемен жерінде – шейттер мен сүннинтердің арасындағы жанжалда бір жағынан Сауд Арабиясы, екінші жағынан Тегеран, осындай жанама күш көрсету, бір-біріне қарсы тұру әрекеттері жалғасады.
Бір қызығы Сауд Арабиясының жақтастары Тел-Авив пен Вашингтон бір жақты пікір білдірген жоқ. Ақ үй Эр-Рядты жақтауға асықпайды.
Джош Эрнест, Ақ үйдің ресми өкілі:
Саудиттер де, Иран да сабырға келуі керек. Біз Сирия мәселесін шешуге тырысып жатырмыз. Егер бір біріне кінә артып отырса, барлығын бір үстел басына жинау қиынға соғады.
Ал, Ресейдің ұстанымына келсек:
Расул Жұмалы, сарапшы:
Сирия жері арқылы бірнеше газ және мұнай құбырларын тарпақ еді, Сауд Арабиясы, Қатар Еуропаға. Бұл Ресейдің әлемдік нарықтағы мүдделеріне қайшы болатын. Сондықтан бұлардың Сириядағы әрекеттері белгілі бір дәрежеде мұнай факторымен байланысты. Өздерінің стратегиялық немесе экономикалық мүдделері екі мемлекетті бір-біріне айдап салу. Айдап салғанда өздерінің мүдделерін, оның ішінде мұнай бағаларына қатысты мүдделерін – С.Арабиясы мен Иран әлемдегі ірі мұнай өндіруші және экспорттаушы мемлекеттер, әрине, ашық соғыс әрекеттері немесе осындай текетірестер әлемдік мұнай бағасының өсуіне әкелуі ықтимал.
Шынымен Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасына сызат түскен күні мұнай бағасы сәл-пәл өскен еді. Brent-тың бір баррельі 37 ден 39 АҚШ валютасына дейін жеткен. Бірақ өсім ұзаққа бармады. Оған қоса әлемнің беделді қаржыгерлері ОПЕК көшбасшысы Сауд Арабиясы қара алтын өндіру жұмыстарын қайтсе де қысқартпайды деген пікірде. Иранмен арадағы қақтығыстың да бұған әсер ете қояры шамалы деседі.
Ләйлә Қазияқпарова, Ришат Асқарбекұлы «Біздің уақыт».