Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен
оның орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының мүшелік жарнасын төлемегені туралы
ақпарат қате. Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы жетекшілігі бүгін
осындай хабар таратты.
Партияның есеп және статистика
секторы облыс басшыларының мүшелік жарнасын төлеп қойғанын растап отыр. Тіпті аймақ басшысы
Нұрлан Ноғаев жалпы сомасы 200 теңге болатын мүшелік жарнаның орнына, айына 2
мың теңгеден төлеп келген. Осылайша жылдық есеп-құжатты ерте жауып тастаған.
Келеңсіздіктің тууына осы себеп болды дейді.
Әлібек Байнешов, «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Облыстық әкімшіліктің жаңағы біздің партияның
төрағасы, партияның басқа да мүшелері өткен 2013-жылдыкін қазан айында жылдың
соңына дейін төлеп тастады. Және де биылғы 2014-жылдыкін маусым айында төлеп
тастады жылдың соңына дейін. Бұл жерде біздің жаңағы
ведомостіде 2014-жылға деп көрсетілген. Ал айға көрсетілмеген, түсініспеушілік,
келеңсіздік мәселе болды бұл жерде. Ал бүгінгі таңда филиалдың алдында жаңағы
партия мүшелерінің ішінде ондай қарызгерлер жоқ.
Айта кетелік, кеше Парламент
Сенатының депутаты, партиялық бақылау комитетінің мүшесі Владимир Редкокашин
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен орынбасары, кеңесшісі,
қалаберді әкімдіктің өзге де лауазымды қызметкерлері мүшелік жарнасын уақытылы
төлемегенін сынға алған еді. Тіпті Редкокашин осындай заңбұзушылықтардың
кесірінен «Нұр Отан» партиясының мүшелері 25 мың адамға қысқарғанын да
мәлімдеген еді.
Еркін ҚАРИН