Қазақстан шетелден асыл тұқымды ірі
қараны импорттауды доғармақ. Бұл туралы мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі
комитетінің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Біз қазірдің өзінде ішкі өсіп-өнудің нәтижесінде елдегі асыл тұқымды мал
басына қажеттіліктің төмендегендігін байқап отырмыз. Ендігі кезекте аталмыш қолдау бағдарламасын тоқтатпақпыз.
Бірақ, бизнес әлі де болса мал әкелуге ниет танытып отыр.
Отырыста Қазақстанның ірі қара мал
етінің экспорт әлеуеті де сөз болды. «Биылғы
ет экспорты көлемі шамамен 10 мың тоннаны құрайды. Ағымдағы 8 айдың қорытындысы
бойынша 2600 тонна ет экспортталды. Келесі жылы 25 мың тонна ірі қара еті
экспортталады деп жоспарланып отыр», - деді Асылжан
Мамытбеков.
Алайда, министрдің бұл жоспары мәжіліс
төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның көңілінен шықпады. «Қазақстанның ет
экспортының әлеуеті өсіп жатса, ірі қара етін шетелден импорттаудың қажеті не?
Тіпті оны сыртқа шығармай-ақ, ішкі нарықты неге дамытпасқа?», - деді Мәжіліс
вице-спикері.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:
Внутренний рынок не
развивается. Мне кажется, логично, когда есть собственное мясо, и его настолько
много, что рынок сам его съесть не может. И тогда эти излишки идут на экспорт.
Разве это не логично?
Жұрағат БАМАН