Қызылорда қаласындағы Әйтеке би
көшесінде орналасқан 19-үй тұрғындарынан маза қашты. 8-пәтерлі үйдің тұрғындары, ауладағы жеке баспана иесі
заңсыз жерімізді басып алды дейді.
Даудың басы осыдан 2 ай бұрын басталыпты. Шағын ғана 2 қабатты көне үй 1939-жылы салынған. 1990-жылдары пәтерлер
иелері баспаналарын жекешеліндірген. Аула шетінде орналасқан күзетшілер үйшігі
сол кезде жеке тұлғаға тұрғын үй ретінде беріледі. 9 жылдан соң мұнда
кондоминиум пайда болып, ауладағы жеке отбасы оның қарамағына ілікпейді. Өкпелі
отбасы биыл жазда ауладан 45 шаршы метр жерді иемденіп, үлкен үй тұрғызған.
Ауладағы жердің талан-таражға салынғанына ашынған тұрғындар құзырлы орындарға
шағымданыпты. Енді олар қалалық жер қатынастары бөлімінен жауап күтіп отыр.
Кеңесбай Қожантаев, Қызылорда қаласының тұрғыны:
Кезінде ескерттік: сіздерге болмайды, бүл жер кондоминиум жері, бүл арада
үй болмайды, потому что артық жер жоқ деп айттық. Оны тындамай сала берді. Біздің түсінбейтініміз: қалай
кондоминиум жерін жер қатынастары бүл кісілерге берген?
Алла Вакуленко, Қызылорда қаласының тұрғыны:
2013-жылы мына қонақ үй иесі келіп: бұл біздің жеріміз, актіміз қолымызда
деп алып қойды. Оларға сонда кім берді ол
қағазды? Бізде өз актілеріміз бар ғой.
Ал, жер қатынастары бөлімі басшысы - Мырзахмет Дүйсебаев мәселенің ақ-қарасын анықтауға уәде берді. Ол бұл қызметке жуырда келгенін айтты.
Мырзахмет Дүйсебаев, Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі
басшысы:
Егер ол жерде кондоминиум болса, демек кондоминиум қатысушыларының
рұқсатынсыз ешкім үй сала алмайды.
Шәрипа САҚТАПОВА