$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Австрия прокурорлары Рахат Әлиевтен Сәрсенбаевті өлтіру ісі бойынша жауап алады

AstanaTV
17.09.2014ж. 10:00
1925
Австрия прокурорлары Рахат Әлиевтен Сәрсенбаевті өлтіру ісі бойынша жауап алады

Австрия прокурорлары жақын арада Рахат Әлиевтен қазақстандық оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевті өлтіру ісі бойынша жауап алады, деп жазады «Интерфакс» агенттігі. Бірақ нақты қай күні жауап алынатыны белгісіз.

Әлиевтің өз сөзінше, Австрия оны қамауда ұстау мерзімін ұзартқан. Рахат Әлиев 5-шілде күні Венада «Нұрбанк» акционерлік қоғамының топ-менеджерлері Жолдас Теміралиев пен Айбар Хасеновті ұрлады және өлтірді деген айыппен ұсталған болатын.

Еске салайық, Алтынбек Сәрсенбаев пен жүргізушісі және оққағарының денелері 2006-шы жылдың 13-ші ақпанында Алматы маңында табылған. Қылмыс үшін әртүрлі мерзімдерге 9 бірдей азамат сотталды. Оның ішінде белгілі саясаткерді өлтіруге тапсырыс берген Ержан Өтембаев та бар. Ал Рустам Ибрагимов орындаушы ретінде өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ