$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Астананың №76-шы мектеп-лицейінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды

AstanaTV
17.09.2014ж. 13:00
1190
Астананың №76-шы мектеп-лицейінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды

Астана қаласында болған сегізінші сынып оқушысының өлімі бойынша білім саласы басшыларынан арнайы комиссия құрылды. «Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінен құралған топ мектеп басшылығының іс-қимылдарына баға бермек». Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» хабарлады.

«Бұл өте қайғылы жағдай. Баланың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтқым келеді. Қазір тергеу жүргізілуде. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерге келер болсақ, комиссия бәрін қарап, шешім шығарады, ол туралы қосымша хабарлаймыз», - деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Еске салайық, Астанадағы №76-шы орта мектепте бірінші ауысымда, тарих сабағы кезінде екі оқушы сөзге келіспей қалып, алдыңғы партада отырған оқушы артта отырған сыныптасын кеуде тұсынан қаламсаппен ұрған. Соққының күштілігі сондай, баланың күре тамыры зақымдалып, ішкі қан құйылудан сол жерде жан тапсырған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жұрағат БАМАН