$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Таразда жұмыс тапқан мүгедектердің «Нұр Отан» партиясына алғысы

AstanaTV
17.09.2014ж. 13:00
1359
Таразда жұмыс тапқан мүгедектердің «Нұр Отан» партиясына алғысы

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Жамбыл облысында 444 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа ораналасқан. Жалпы, осы жоба бойынша жарты жылдықта елімізде 5 жарым мың мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды. Олардың 3 мыңы бүгінде әртүрлі әлеуметтік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде тұрақты қызмет етеді. Жалпы, аймақтарда мүгедектер құқығын тиімді жүзеге асыру үшін құқықтық алаң қалыптастыру да жолға қойылуда. «Мемлекетке масыл болғымыз келмейді», «Қолдан келер жұмыс болса, атқаруға дайынбыз» деген тараздық мүмкіндігі шектеулі жандар туралы тілшіміз Данияр Әлімқұлдың материалында.

Осылай қолынан іс келетін ісмер жандар мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетеді. Тараздағы жалғыз жарық шамдарын шығаратын бұл кәсіпорында бүгінде 10 бірдей мүгедек жұмыс істейді. Солардың бірі - Ольга Колпакова. Ол тумысынан мылқау. Алайда, кеудемде жаным, бойымда жігер барда қоғамнан қалуға хақым жоқ, дейді.

Ольга Колпакова, 1-топтағы мүгедек:

Осындағы цехта көше шамдары мен кеңсе жарықтарын шығару бөлімінде жұмыс істеймін. Өзімді мүгедек жанмын деп санамаймын. Өйткені, сау адамдардан кем істемеймін. Тамағымыз тегін. Осы жазда басшымыздың қолдауымен Ыстық көлге демалып қайттық. Барлық жағдайымыз жасалған.

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы еңбек етемін деген азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Ешқандай техникалық білімі болмаса да, Рүстембек Ермаханбетов ешкім мүгедексің деп кеудемнен итерген жоқ, - дейді. Керісінше, машықтандырды, үйретті. Нәтижесі мынау.

Рүстембек Ермаханбетов, 1-топтағы мүгедек:

Өзім 41 жастамын. Осы уақытқа дейін етікші болдым. Құрылыста жүріп те жан бақтым. Алайда, алты ай бұрын «Нұр Отан» партиясының арқасында мынандай мекемеден жайлы жұмыс, жылы орынға кенелдім.

Мүгедектердің өмір сапасын арттыру - партияның басты міндеттерінің бірі. Осы орайда жарық шамдары мен электр энергиясы бөлшектерін шығаратын зауыттың бас дирекоры келем деуші мүмкіндігі шектеулі жандар болса, қабылдауға дайынмын деп отыр.

Құрманәлі Баратов, «Энерджи-Тараз» ЖШС бас директоры:

15 пайыз жұмысшы-мүгедектер «Энерджи-Тараз» компаниясында жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 6 айдан асты істеп жатқандарына. Тамағы тегін. Айлықтары, где-то, 20 пайызға дейін көтерілді. Орташа жалақы қазір 60 мың теңге. Осы биылға 15 пайызбен тоқтата тұрамыз. Келешекте, Алла бұйыртса, тағы аламыз деп сенеміз.

Елбасының Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауында «Нұр Отан» партиясына мүгедектердің өмір сапасын арттыру жұмысына басшылық етуді тапсырды. Партияның саяси Доктринасына сәйкес кемтар жандардың келешегін жақсарту - зор жауапкерлішікпен жалғасып келеді.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ