Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.
Басқосуда әлемдегі және өңірдегі
геосаяси ахуалдың өзгеруі жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасын
іске асыру мәселелері қаралды. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа
қауіп-қатерлер мен тәуекелдер талқыланып, олардың алдын алу шаралары
пысықталды.
Қауіпсіздік Кеңесі отырысының
қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар
берілді. Олардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына жүктелді.
Жұрағат БАМАН