$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Петропавлда нан бағасы 20 теңгеге қымбаттады

AstanaTV
17.09.2014ж. 20:00
1481
Петропавлда нан бағасы 20 теңгеге қымбаттады

Петропавлда нанның бағасы күрт шарықтап кетті. Ұнның бірінші сұрпынан пісірілетін ас бірден 20 теңгеге қымбаттады. Наубайхана өкілдері мұны нанның жаңа түрінің шығуымен түсіндірді. Айтуларынша, әлеуметтік нанның бағасы керісінше 1 теңгеге арзандады. Ал дүкен сөрелерінде 65-70 теңгеден сатылып жатқан нан, тың технологиямен жасалған өнім. Бір қызығы - жаңа кірпіш нан бұрынғы әлеуметтік нанға ұқсайды.

Алайда, бағалардың аспандап кетуіне алдын-ала құлағдар етілмеген тұрғындар наразылықтарын білдірді. Артынша, билік өкілдері нан комбинатынан жаңа өнімнің бағасын уақытша түсіруді өтінді. Нәтижесінде, баға өзінің бұрынғы қалпына түсіп, қайта 45 теңгегеден өткізіле бастады. Дегенмен, төмен бағалардың қашанға дейін тұратыны әзірге белгісіз. Себебі, наубайхана қалыптасқан жағдайдан қазір шығынға батып жатқан көрінеді.

Еркебұлан Қаменов, СҚО Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

Тұрғындар кішкене түсінбей қалды. Әлеуметтік нан бұрынғы бағамен сатылып жатыр. Ол нан бәріне қолжетімді болады. Бірақ, жұрт наның жаңа түріне дайын болмай шықты. Қазір кәсіпкерлер нанның екі түрін бір бағамен ұсынуда. Шамамен бір аптадан кейін нақты шешімге келеміз деп ойлаймын.

Вера Наумова, наубайхана директорының қаржы жөніндегі орынбасары:

Біз әкімдіктің өтінішін орындап, бағаны уақытша түсірдік. Бірақ, жаңа нанның қазіргі бағасы өзіндік құннан 12 теңгеге арзан. Демек, біз табыстан гөрі, шығынға тап болдық. Ендігі қарекетіміз әзірге белгісіз.

Абзал ҚҰРМАНКИН