$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Павлодарлық Гүлнәр Қазетова өзін дәрігерлік қателік құрбаны санайды

AstanaTV
17.09.2014ж. 20:00
1223
Павлодарлық Гүлнәр Қазетова өзін дәрігерлік қателік құрбаны санайды

49 жастағы павлодарлық Гүлнәр Қазетова - өзін дәрігерлік қателік құрбаны санайды. Ол операциядан кейін төсекке таңылған.

Облыс орталығына қарасты Долгое елді мекеннің тұрғынына 2007-жылы ақ халаттылар «жатыр миомасы» диагнозын қойған. 6 жыл бойына ем-дом қабылдағанмен, пайдасы болмаған. Биыл жыл басында операция тағайындалды, - дейді Гүнәр Қазетова. Дәстүрлі ота жасалады деп ойлаған әйелге, дәрігерлер заманауи тәсілді ұсыныпты. «Эндовидеохирургия әдісі жеңіл, әрі денеде тыртық қалдырмайды» деген.

Айтуынша, операция кезінде несеп жүйесіне зақым келеді. Мамандар қайта қалыпқа келтіру мақсатында тағы 5 бірдей ота жүргізіпті. Алайда, еш нәтиже болмаған. Ақыры олар науқастың несеп жолын котетор құрылғысы арқылы сыртқа шығарған.

Гүлнәр Қазетова:

Мен инвалид төсекте жатырмын. Жұмыс істемеймін, үйде түк істемеймін. Моншаға бармаймын, жуына алмаймын, нормальный тамақ ішуге болмайды. Потому что, язва желудка менде. Бәрін олар осылай жасады. До этого менде ешқандай ондай болған жоқ.

Оның қасында қазір жалғыз қызы Элмира ғана бар. Күтімін жасап, ас-суын әзірлеп отыр. Дегенмен, дәрігерлердің жауапсыздығына таң. Айтуынша, 9 ай өтсе де денсаулық сақтау басқармасы тарапынан еш қозғалыс болмапты. Амалы таусылған ол облыстық прокуратура мен медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау департаментіне шағым түсірген. «Қателік жіберген мамандар жазаға тартылсын», - дейді.

Асхат Бекбосынов, Павлодар қалалық №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

Пациенттің және оның туыстарының өтінішімен қазір тәуелсіз сарапшылар тексеруді бастады. Бұл жайт медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау Комитеті деңгейінде қаралып жатыр. Жуық арада біздің хирургтердің жұмыс барысында қандай қателіктер жібергендігін білетін боламыз. Ота эндоскопиялық тәсілмен жасалды. Сондықтан, бұл жерде дәрігерлер тарапынан емес, техникадан да ақау болуы мүмкін.

Гүлнәр Қазетованың ендігі үміті - Беларусь немесе ресейлік дәрігерлерде. Айтуынша, отандық мамандар несеп жүйесін қалыпқа келтіру отасын жасауға тәжрибелерінің жоқтығын айтып, келіспеген.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ