Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы
мектепте бірден 53 адам астан ұшынды. Оның 47-сі - оқушылар. Оған қоса осы білім ордасының 6 ұстазына алғақшы медициналық
көмек көрсетілген. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық
сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Науқас балаларға жедел көмек көрсету
үшін әуеге санитарлық авиацияны көтеруге тура келді.
16 қыркүйек күні мектеп асханасынан
тамақ ішкеннен кейін оқушылардың бастары айналып, жүректері айныған. Кешке қарай қызуы көтеріліп, іштері ауыра бастаған. Сырқат
балғындардың арасында 6 жасқа дейінгі шағын орталықтың тәрбиеленушілері де бар.
Он бір бала санитарлық авиациямен Қостанай қалалық аурханасының инфекциялық
бөліміне жеткізілді.
Светлана
Коваленко:
Алғашында балаларымның халі нашар
болды.Өңі бозарып,үрейленіп жатыр екен.Өзім де қатты қорқым кеттім.қазір
денсаулықтары тәуірленіп қалды.
Орта мектептің асханасы қазір жабық
тұр. Сонымен қатар, мектеп жанындағы шағын орталық пен даярлық сыныбыныа да
құлып салынған. Ал оқушылар кәдімгі кесте
бойынша сабақтарын оқып жатыр.
Науқас бүлдіршіндерді дереу
медициналық көмекпен қатамасыз ету мақсатында облыс орталығында шұғыл штаб
құрылған. Тұтынушылар құқығын қорғау
департаменті ішкі істер бөлімімен бірлесіп, мектеп асханасында тексеру
жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.Тексеру нәтижесін қосымша хабарламақ.
Сәуле Бәйменова, Қостанай облыстық Тұтынушылар құқығын
қорғау департаменті бастығының орынбасары:
Ішкі істер органдарымен бірлесіп жүргізілген тексеріс барысында санитарлық
талаптар бұзылғаны анықталды тексеру кезінде, судың. Дайын тамақтың, шикіазт
сыналары, шайындылар зертханалық зерттеуге алынды. Сақталмағаны анықталды.
Ал денсаулық сақтау басқармасының
басшысы барлық балалардың жағдай жақсы, бір ғана бүлдіршіннің денсаулығы
орташа. Олардың барлғы 3-4 күннің ішінде сауығып, үйлеріне қайтады. Аудандық ауруханаға
жатқызылған 22 адамның, қазір тек жетеуі ғана ем-дом алып жатыр. Қалғаны құлан
таза айығып үйлерінде жіберлігенгендігін айтады.
Орал Бекмағамбетов, Қостанай облыстық денсаулық сақтау
басқармасының басшысы:
Балалардың бәрі жақсы. Аналары жанында. Аудан орталығына тағы бір-екі
білімді дәрігерді жібергелі жатырмыз. Олар сол жердегі шұғыл емдеу шалараны
үйлестіреді. 3-4 күннің ішінде балалардың бәрі сауығып, біз өз шаруамызды жөнге
кетіреміз деп ойлаймын.
Мектеп оқушыларына үш жыл бойы тамақ
пісіріп келген жеке кәсіпкер барлық өнімнің сертификаты бар. Аспазшылар да
түгел санитарлық кітапшасы бар. Жаппай уланудың неден болғанын өзі де білмей
аң-таң.Оның себебін мамандар 3 күннің ішінде анықтаймыз дейді.
Заңғар САНАЙ