Қытайда бір бойжеткен смартфонның кесірінен көз жұмды. Дәлірегі -жабысып, көзін ала алмай ақтарып, ақыры жыраға құлап өлген. Daily Mail –ң жазуынша, оқиға Вэньчжоу қаласының маңындағы ауылдардың бірінде болған. Гаджетке «жабысып қалу» проблемасы қазір бүкіл әлемде проблема.
Сол Қытайда 1-қаңтардан бастап екінші бала тууға қойылған шектеу алынып тасталды. Бұл күні қуанғандар да, айыппұл төлеп, мұңайғандар да бар. 00.00 ге сәл жетпей босанғандар айыппұл төлейді.
Осы заңға
байланысты баланы дүниеге 1-қаңтар басталғаннан кейін әкелуді жоспарлағандардың
арасында табиғат заңынмемлекет заңымен
қабыстыра алмағандар да,
бағындырғандар да бар. «Радиоточка» порталы, қытай басылымдарына сілтеме жасап
мынадай оқиғаларды баяндайды: Цзянь-чжоу қаласының тұрғыны жаңа жыл уақыты
соққасын 2-ден 46 минут өткенде босанады. Әйел толғақтың күндізгі үште
басталғанын, жаңа жыл басталмай туып қоймау үшін 9 сағат қимылсыз жатқанын
айтқан. Сөйтіп қызы заң аясында дүниеге келген. Ал сол қалада тұратын тағы бір
әйел Жаратқанға әмір жүрмейтінін білді:
ол жаңа жылға бірнеше минут қалғанда босанған. Оның отбасы енді 100 мың юань
айыппұл төлейді. 15 360 АҚШ доллары. Ал дәрігерінен 27-желтоқсанда
босанасың дегенді естіп, айыппұл төлеуге дайындалып отырған басқа бір әйел 1-қаңтарда таңертеңгі 10-да
босанады. Жүрегі жарылардай қуанған күйеуі ұлына Бавань деген есім беретінін
айтыпты. Қытай тілінен аударғанда 80 мың юань- дегенді білдіреді. Жаңа жылға
дейін туғанда төлейтін айыппұлының көлемі... Екінші бала үшін айыппұл кірісіне, басқа да факторларға байланысты
әрбір отбасына әр түрлі салынып келген. Тууды шектеу Қытайда өткен ғасырдың 70-жылдарынан жүргізіліп
келген-ді. Еңбек ресурстарының тапшылығы мен халықтың тез қартаю тенденциясына
байланысты 2013 жылы ерлі-зайыптылардың бірі ата-анасының жалғыз баласы болса,
екінші бала тууға рұқсат беретін заң шығарды. Ал екінші балаға шектеу қоюды
бүтіндей жою туралы шешім 2015 жылдың соңында шығарылды.
Айтпақшы, біздің елімізде жаңа жыл
қарсаңында 909 бала дүниеге келді.