$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Павлодарда балабақшалар мен перзентханаға олардың өтініші бойынша жылу берілді

AstanaTV
18.09.2014ж. 10:00
980
Павлодарда балабақшалар мен перзентханаға олардың өтініші бойынша жылу берілді

Керекуде балабақшалар мен перзентханаға олардың өтініші бойынша жылу берілді. Маусымға әлеуметтік нысандар сақадай сай отыр. Бүгінгі күннің мәліметі бойынша, 123 білім және 31 денсаулық сақтау мекемесіне жылу қабылдау актісі берілген.

Облыс орталығында 1 мың 331 көп қабатты тұрғын үй бар. Қазірде оның мыңнан астамы жылу қабылдауға дайын. Қалғаны әзірлік үстінде. Баспаналарды жылуға қосу үрдісі қазанның 1-не жоспарланған. Бүгінде жылу тораптарында тиісті сынақтар жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мәліметінше, шыққан ақаулар бірден жойылуда. Жалпы, үш мыңға жуық ішкі жылу жүйесінің 2 мың 200-і тазартылды. Алдағы қысқы науқанды ойдағыдай өткізу үшін қаланың 6 нысанына 627 тонна көмір мен 25 тонна сұйық отын сатып алынған.

Азамат Бәйтенов, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Қазірде «Жылу желісіне» біраз жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл - жоспарлы шаруа. Жылу жүйелері тексерілді. Ақаулар болды. Бірақ, олар жойылып, қалыпқа келтіріліп жатыр. ПИК-тің кесірінен 20-ға жуық тұрғын қысқы маусымға дайын болмай шықты. Қазір олқылықты жою шаралары атқарылуда.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ