$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Шотландия тұрғындары - Біріккен Королдікті таңдады

AstanaTV
18.09.2014ж. 20:00
1418
Шотландия тұрғындары - Біріккен Королдікті таңдады

Әлем назары ауған басты оқиға - Шотландияның тәуелсіздігі жөнінде өтіп жатқан референдумға тоқталайық. Exit Pool нәтижесі қазірдің өзінде белгілі. Шотландия тұрғындары - Біріккен Королдікті таңдады.

Десе де, дауыс беру әлі аяқтала қойған жоқ. Бұл референдумда халық «Шотландия тәуелсіз ел болуы тиіс пе?» деген сұраққа жауап беріп жатыр. Ең соңғы жүргізілген тәуелсіз сараптама қорытындысы бойынша, біртұтас Ұлыбританияны жақтаушылар жеңіп шығады - деп, «Риа Новости» агенттігі хабарлады.

Сауалнама қорытындысы бойынша, респонденттердің 53 проценті Ұлыбританияның қазіргі шекарасын сол қалпында қалдыруды қоштайды. 47 проценті қарсы.

Айта кетейік, тәуелсіз Шотландия туралы бастаманың көтерілгеніне біраз болған. Ұлыбритания билігі әу баста «ажырасу сценарийіне» сенбегенімен, кейін тәуелсіз Шотландия идеясын жақтаушылар көбейгенде, кәдімгідей састы. Референдумның соңғы нәтижесі алдағы сағаттарда анықталады.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА