$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Қарағанды университеті жаңа құрылғымен жабдықталды

AstanaTV
18.09.2014ж. 13:00
1363
Қарағанды университеті жаңа құрылғымен жабдықталды

Қарағандыда лазерлік көшірме орталығы ашылды. Жаңа қондырғы Жер шарының сыртқы бетін күрделі зерттеп, шахталардағы топырақтың ерекшелігін анықтайды. Құны 30 млн теңге тұратын замануи техниканы Қарағанды техникалық университеті сатып алыпты.

Мамандар, алып көшірме тек оқу үрдісінде ғана емес, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының жұмысында да қолданылатын болады, деді. Қазірдің өзінде жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға «Қазақмыс» пен «Арселор Миттал Теміртау» компаниялары қызығушылық тудырған. Себебі, аталған қондырғы жер бедерін 2 шақырымға дейін, ал лаваны 50 метр тереңдікте зерттеуге қауқарлы. Одан қалды, көмір мен кен өндіру кезінде литосфералық тақталардың жылжуын болжамдап, жердің деформациялануын анықтай алады екен.

Арыстан Ғазалив, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің ректоры:

Әлемде жоқ аппараттарды 30 млн тенге бөліп, осы міне 3 прибор келіп жатыр. Жылдың аяғына дейін 10-ға жетеді. Әлемде жоқ приборлар. Қазақстанға бірінші келіп жатыр. Студенттерге қазақстандық ғылымымыздың алға басуына өте қажетті.

Абзал ҚҰРМАНКИН