Бүгін Қазақстанның солтүстігінде қар
аралас жаңбыр жауады. «Қазгидромет»-тің хабарлауынша, қыркүйектің 18, 19 және
20-күндері Қазақстанның басым аумағында күн суытады.
Атмосфералық ағымдардың өтуіне
байланысты республиканың солтүстігі, орталығы мен шығысында ауа райы
жауын-шашынды болады, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, солтүсік-батыстан
соққан желдің күші 25 м дейін жетеді. Түнде және таңертең кей аумақтарда тұман
түседі.
18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан,
Ақмола, Павлодар облыстарында жаңбыр жауады, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға
ұласады, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0 - +5 градусқа дейін төмендейді,
күндіз 5-13 градус жылы болады. Елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысында найзағай
ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. 19-20-қыркүйекте түнде ауа
температурасы 2-10 градусқа дейін төмендейді, сондай-ақ, 3 градусқа дейін күн
суытып, күндіз температура 12-17 градусқа дейін жетуі ықтимал.