Қазақстанда жаңа төртінші мұнай
өндіру зауытын салу тиімсіз. Бұл туралы «ҚазЭнерджи» ассоциациясының бас
директоры Әсет Мағауов мәлімдеді.
Оның айтуынша, әлемдік тәжірибеде
жалпы көлемі 5 миллион тоннадан астам мұнай өнімдерін шығыра алмайтын
зауыттардың қызметі ұзаққа созылмайды. Ал Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты қайта
жөндеуден өткізіліп, өндіріс көлемін арттыру жұмыстары атқарылып жатқандығын
хабарлады.
«Қазақстандағы мұнай өнімдерінің
дефициті 1 миллион тоннадай. Осыған бола, жаңа зауыт салу туралы бастама көтеру
экономикалық тұрғыда тиімсіз деп есептеймін», - дейді Мағауов.
Әсет Мағауов, «Қазэнерджи» Ассоциациясының бас директоры:
Жоспар бойынша қазір өндіріс көлемін 18 миллион
тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Осылайша қолданыстағы үш зауыттың арқасында мұнай өніміне деген мұқтаждықты
жоймақпыз. Болжам бойынша 2024-2025 жылдарға қарай мұнай өнімдеріне сұраныс
ұлғая түспек. Бүгінде үкімет аталмыш мәселені зерттеу үстінде. Сондықтан, қазір үш зауыттың бірін кеңейту, өндірісті ұлғайту
сияқты істер қарастырылып жатыр. Әуелі, Шымкент мұнай өңдеу зауытын
реконструкциялау жұмысына ден қойылып отыр.
Жұрағат БАМАН