Олжаға кенелмек болған пысықайлар
осындай оңай жолды тапқан секілді. Ауа «толтырылған» қалбырларды қаланың темір
жол вокзалындағы сөрелерден кездестіруге болады. Ауа да ақшаға сатылады. Тобылда таза ауа
саудаға шықты.
Олжаға кенелмек болған пысықайлар
осындай оңай жолды тапқан секілді. Ауа «толтырылған» қалбырларды қаланың
темір жол вокзалындағы сөрелерден кездестіруге болады. Қостанайға келген
қонақтар, оны кәдесый ретінде сатып алады екен. Қалбыр сыртында «Қостанайдың ауасы. Жарамдылығы - 100 жыл» делінген.
Алайда, «ауа сатушының» аты-жөні,
мекен-жайы көрсетілмепті. Дүңгіршік иелерінің айтуынша, ерекше кәдесыйды
бейтаныс балалар әкелген. Бір жұтым таза ауа 450 теңгеден сатылып жатыр. Бұл
жаңалыққа қала тұрғындарының көзқарас әрқилы.
Сувенирге алды. Басқа жақтан келген адамдар. Иә мен де сатып алар ем. - Бұл
алаяқтардың ісі. Халықты қалай жесем деген. Әйтпесе Қазақстанның ауасы бүкіл
жеріне жетеді.
Заңғар САНАЙ