Ақмола облысы
Калачи ауылы тұрғындарының ұйқы ауруының себебін арнайы құрылған ведомство
аралық жұмыс тобы тағы да анықтай алмады. Енді зерттеу қайта жанданбақ.
Геология және жер қойнауы комитеті инертті газдардың шығуы мүмкін деген
жерлерді анықтау үшін ауылдың топырағына геологиялық сипаттама беруі тиіс. Ал
оқшау газдарының тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда бар, жоғын тексеру ісі
ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне тапсырылды
- деп "Интерфакс" хабарлады.
Сонымен қатар, инертті
газдардың молынан шоғырланған жерлерін анықтау мақсатында стационарлы бекеттер
құрылмақ. Түрлі тексеріс жүргізілсе де, мамандар ұйқы ауруының себебін табар
емес.
Ауылдағы жағдайды
өз көзімен көріп қайту үшін бүгін Калачиге Ақмола облысының әкімі Сергей
Кулагин келді. Өңір басшысы белгісіз ауру тараған ауыл тұрғындары үшін көрші
кентте екі пәтерлі алты үй салынып жатқанын айтты - деп, «ҚазАқпарат» хабарлады.
Ол үшін бюджеттен 149 миллион теңге қаржы да бөлінген. Агенттік әкімнің «Бұл
үйлерге 88 отбасын көшіріп әкелу мүмкін емес.
Сондықтан,
Красногорскіге бос жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің бір-екеуін қалпына
келтіріп, жылу, су жүйесін тартып тұрғындарды неге бір жерге шоғырландырмасқа?»
- деген сөзін келтірген.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА