Ақтөбеде АИ-92
маркалы бензин тапшы. Шенеуніктер бар мәселе қазақстандық мұнай өңдеу
зауыттарының сұранысқа жауап бере алмауынан дейді.
Ақтөбе облысында жүзге жуық жанар құю станциялары
бар. Олардың басым бөлігі, ірі май құятын бекеттер - бензинді талонмен
сатады. Жергілікті шенеуніктердің сөзіне сенсек, күніне 2 вагон қосымша
жанар-жағар май жеткізілуде. Өңірдегі кәсіпкерлік басқармасының дерегінше,
аймақтағы отын қоры - 5-6 күнге ғана жетеді. Сонымен қатар, қыркүйектің 20-нан кейін Ресейден қосымша
4 мың тонна бензин жеткізілмек. Көрші елден келетін көлем ай соңына дейін
бензин тапшылығын жоюы тиіс.
Бағжан Тілегенов, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:
Қазақстандық
мұнай өңдеу зауыттарынан керек көлемде күн сайын келіп түсуде. Күн сайын
1-2 вагон. Күн сайын біздің сауда желілеріне келіп түсуде. Сонымен қатар, жаңағы
Ресейден келетін импорттық бензин нарықты толық қамтамассыз етуге және еркін
саудаға түседі деп күтілуде.
Мансұл ЕСҚОЖИН