Керекуде салынып жатқан мектептің
төбе жабындысы құлап түсті. Алдын ала болжамға сәйкес, оқыс оқиға бетон
аралықтардың үзілуінен орын алуы мүмкін.
Бұзылған аумақтың жалпы көлемі
100 шаршы метрден астам. Мамандардың айтуынша, әу баста, құрылыс технологиясында ақаулар кеткендей.
Салдарынан, бірінші қабаттың үстіне төселген материал жермен жексен болды.
Оқиға болған кезде құрылыс аумағында 70 адам жұмыс істеген. Абырой болғанда, зардап
шеккендер жоқ. Бұл жайтты тексеру мақсатында қазір арнайы комиссия құрылды. 1
мың 200 балаға шақталған білім ордасы осыдан бір жыл бұрын салына бастаған еді.
Нысанды 2015 жылы тапсыру жоспарланған.
Битөре Әбдіқалықов, Павлодар облыстық құрылыс,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің бас маманы:
Алдын ала жорамалға байланысты қазіргі кезде
техникалық ауытқулар болған, құрылыс технологиясының. Сондықтан да, құрылыс жүріп жатқандықтан, мектепте
оқушылар жоқ болғаны жақсы болды. Әйтпесе, зардап шеккендер болушы еді.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ