$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Алматы облысында сарбаз әскери бөлімшеден қашып кеткен

AstanaTV
19.09.2014ж. 10:00
1061
Алматы облысында сарбаз әскери бөлімшеден қашып кеткен

Қарулы күштер құрылымында - төтенше оқиға. Алматы облысының Боралдай кентіндегі әскери бөлімінен қарулы сарбаз қашып кетті.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 21 жастағы Серік Дәулетбай Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Шекара қызметінің қатарына ағымдағы жылдың көктемінде шақыртылған.

БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, жауынгер кеше таңғы сағат алты шамасында келіcім-шартпен әскери қызмет атқарып жүрген әріптесімен жаға жыртысып қалыпты. Кейін қызметтік тапаншаны алып, ізін суытқан. Қазіргі уақытта сарбазды іздестіру шаралары жүріп жатыр.