$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Астықты аймақ аталатын Қостанайда нан бағасы қымбаттауы мүмкін

AstanaTV
19.09.2014ж. 10:00
1599
Астықты аймақ аталатын Қостанайда нан бағасы қымбаттауы мүмкін

Астықты аймақ аталатын Қостанайда нан бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Нұралы Садуақасов мәлімдеді.

Облыс басшысы еліміздің көптеген өңірлерінде нанның қымбаттағанын тілге тиек етіп, тек Қостанайда ас атасының құны 42 теңге көлемінде сақталып тұрғанын айтты. Ал бағаның төмендігі наубайханаларды тығырыққа тіреп отыр. Халық мұны дұрыс түсінуі керек, дейді. Бөлкенің құнын күзгі жиын-терімге дейін өсірмейміз деп уәде бердік. Енді оның бағасын көтеруге мәжбүрміз деді, - аймақ басшысы.

Нұралы Сәдуақасов, Қостанай облысының әкімі:

Біз төмен бағаны ұзақ уақыт бойы ұстап тұра алмаймыз. Менің сөзімнен кейін тұрғындар нанның құнын көтергелі жатыр деп, талқылай бастайтын шығар. Бірақ бұл мәселенің басын ашып, талқыға салатын кез жетті.

Заңғар САНАЙ