$533.61 €621.07 ₽6.78
×

«Ислам мемлекеті» ұйымы тағы бір тұтқындалған британдық азамат туралы бейнежазбаны жариялады

AstanaTV
19.09.2014ж. 10:00
1501
«Ислам мемлекеті» ұйымы тағы бір тұтқындалған британдық азамат туралы бейнежазбаны жариялады

«Ислам мемлекеті» ұйымы тағы бір тұтқындалған британдық азамат туралы бейнежазбаны жариялады. Видеодағы адам осыдан екі жыл бұрын Сирияда тұтқындалған «Сандэй телеграф» газетінің журналисті Джон Кэнтли екендігі анықталды. Үш минуттық бейнежазбада Джон Кэнтли өз елі Ұлыбританияға қатысты өкпе-назын айтқан. Британия өз азаматтарын арашалап, қорғап қалу жолында еш әрекет жасамауда. Ал өзге еуропалық елдер исламшылар ұйымымен өзара келіссөз жүргізуде.

Бұдан бұрынғы Ауғанстан мен Ирактағы соғыс АҚШ пен Ұлыбританияға еш нәтиже берген жоқ. «Ислам мемлекетіне» қарсы үшінші соғыс та орынсыз болады деп есептеймін, деген журналист, егер тірі қалса, батыстың кейбір бұқаралық ақпарат құралдары қоғамды исламшыларға қарсы соғысқа қалай әзірлеп жатқандығын әшкерелейтінін айтқан.

Еске салайық, бұдан бұрын «Ислам мемлекеті» ұйымының жауынгерлері АҚШ-тың екі журналистін өлтірген болатын. Ал бейнежазбалар ғаламторда таралды.

Жұрағат БАМАН