Шотландиядағы референдумның алдын ала
нәтижелері халықтың басым бөлігі тәуелсіздікке қарсы екендігін көрсетті.
Шотландияның Клакманнаншир өңірінде тәуелсіздік туралы референдум нәтижесі
анықталды, деп жазады BBC.
Дауыс санағы көрсеткендей, бұл аймақ тұрғындарының
46 пайызы Шотландияның корольдік құрамынан шығуын жақтаса, 54 пайызы қарсы
болған. Бұл елде өткізілген референдумның
алғашқы нәтижелері. Енді тағы 31 округтің дауыс беру нәтижелері анықталады.
Клакманнаншир - Шотландияның
орталығында орналасқан шағын аймақ. Ондағы
тұрғындар саны 40 мың адамнан аспайды. Дауыс беруге жұрттың 88%-ы қатысқан.
Шотландияның Ұлыбритания біріккен корольдігі құрамынан шығуы бойынша референдум
нәтижесі бүгін белгілі болады.