Сирия мен Иракта соғысып жүрген
қазақстандықтар саны 100 шақты дейді, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин. Олардың
бірі фанат, екіншісі алданып қалған, үшіншісі расында ақша табамын деп
барғандар. Алданып қалғандар мен белгілі бір факторлар бойынша барғандар,
мәселен, басына іс түсіп, елден бой тасалағысы келгендер ұзақ дегенде бір айдан
соң қайтуды ойлайды екен. Бірақ қайту оңай емес.
Ерлан Қарин, саясаттанушы:
Видеоны не үшін тарататынын білесіз бе, видеодан сурет
жасап, тарататынының бір себебі - олардың елге қайту жолдарын кесіп тастау. Бәрі
көрді деп, енді барсаң, қамаласың деп.
Саясаттанушының Иракты қанға бояп
жатқан «Ислам мемлекеті» радикалды ұйымын АҚШ пен Еуропа егер қаласа, бір, әрі
кеткенде 3 айдың ішінде талқандап тастай алады деп ойлауының себебі не? Арнайы
сұхбатты ертең, «20:30. Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре
аласыздар.
Марат ЕРНАЗАРҰЛЫ