$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Қызылорда Арысқұм кенішінің жұмысшылары асханада сәбіз салаттан уланған

AstanaTV
19.09.2014ж. 20:00
1577
Қызылорда Арысқұм кенішінің жұмысшылары асханада сәбіз салаттан уланған

Қызылорда облысы Арысқұм кенішінің жұмысшылары, асханада сәбіз салаттан уланған. Тағамда ішек таяқшаларының бактериялары болған. Бұл жайында Жалағаш аудандық прокуратурасы ақпарат таратты.

Хадиша Жұмағұлова, Жалағаш ауданының прокуроры:

Бүгінгі күні анықталып тұрғаны сол тамақтардың ішінен сәбіз салаты ішінен ішек таяқшалары бактериялары тобы анықталып тұр. Басқа тамақтардаң ондай бактериялар анықталмаған. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 267-бабының, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, қыркүйектің 13-нен 14-не қараған түні және 15-ші қыркүйекте облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жалпы 34 науқас түскен болатын. Тағы 12 жұмысшы сол кеніштегі фельдшерлік бекетте медициналық ем қабылдаған. Олар сенбі күні түскі астан соң жағдайлары нашарлағанын айтып шағымданған. Жұмысшылар тамақтанған кеніштегі асханадағы тағамдардан сынамалар алынып, тексерілген.

Шарипа САҚТАПОВА