$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Әскерден қашқан қарулы сарбаз ұсталды

AstanaTV
19.09.2014ж. 20:00
1387
Әскерден қашқан қарулы сарбаз ұсталды

Қарулы күштер құрылымынан қашқан қарулы сарбаз ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

21 жастағы Серік Дәулетбай - Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Шекара қызметінің қатарына ағымдағы жылдың көктемінде шақыртылған. Еске салайық, жауынгер кеше таңғы сағат алты шамасында келіcім-шартпен қызмет атқаратын қаруласымен жаға жыртысып қалған. Кейін қызметтік тапаншаны алып, ізін суытқан.

Оксана Парпура, ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінің бастығы:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жедел іздестіру операциясы барысында жауынгер Серік Дәулетбай ұсталды. Макаров тапаншасы мен патрондар алынды. Тергеу жұмыстары басталды.

Ал сарбазбен кикілжіңге барған старшина бүгін әскери ауруханада көз жұмғаны мәлім болды. «ҚазТаг» агенттігінің хабарлауынша, әскеридің өліміне бас сүйегінің зақымдалуы себеп болған.

Жұрағат БАМАН