Парламент Сенаты сайлауына шет
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 129 байқаушысы тіркелді. Бұл туралы
бүгін орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
Оның ішінде 103 бақылаушы
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен, төртеуі шанхай ынтымақтастығы ұйымы,
ал қалған 22 аккредиттелген өкіл шет мемлекеттерден. Сыртқы істер
министрлігінің арнайы рұқсатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 117
өкілі алды. Парламент Сенатына депутаттар сайлау 1 қазанда өтеді.
Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының
төрағасы:
Байқауға қатысатын халықаралық байқаушылар саны
бүгінгі күнге дейін біз тіркеген байқаушылармен ғана шектеліп қоймайды деп
ойлаймын. Сайлаудың жанама
болғанына қарамастан, сайлау науқанына деген қызығушылық жоғары.
Жұрағат БАМАН