$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Дэвид Кэмерон Шотландияның құзіреті кеңейтілетінін мәлімдеді

AstanaTV
19.09.2014ж. 20:00
1064
Дэвид Кэмерон Шотландияның құзіреті кеңейтілетінін мәлімдеді

Дэвид Кэмерон Шотландияның құзіреті кеңейтілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Британия Премьері өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазған.

Референдум нәтижесіне ырза болған Кэморон уәдені үйіп-төккен. Әлеуметтік желідегі ұзын-сонар хабарламада ол салық, бюджет шығындары, әлеуметтік қамсыздандыру саласында Шотландияның құзіреті кеңейтілетінін тізіп шығыпты.

Бұдан бөлек, мәрттік танытқан Үкімет басшысы мұндай мәртебеге Уэльс, Англия және Солтүстік Ирландия да ие болатынын жайып салған. Еске салайық, 18-қыркүйекте өткен референдумда тұрғындардың 55 пайызы тәуелсіздікті қаламайтындарын білдірді. Сөйтіп, Шотландия Ұлыбритания құрамында қалды. Егер Шотландия тұрғындары артық құқық пен құзіретке ие болса, ол Уэльс, Англия және Солтүстік Ирландияға да беріледі.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА