Батыс Қазақстан облысы Серебряков
ауылында өзен жағасынан белгісіз бір қыздың мәйіті табылды. Жергілікті баспасөз, ол тамызда жоғалып кеткен Айдана
Досқалиеваның денесі болуы мүмкін екенін жазады.
Еске салсақ, 25 жастағы қызды соңғы
рет інісі ауыл маңында ақ түсті «Жигули» салонында белгісіз екі адаммен
көрген. Содан бері туғандары одан еш хабар
ала алмай жүрді. Ал өзен жағасынан табылған мәйітті бір көргеннен тану мүмкін
емес. Суда ұзақ уақыт жатқан, - дейді куәгерлер. Қазір мәйіт
сот-медициналық сараптасынан өткізілуде. Зеленов ауылы әкімінің орынбасары
Аманкелді Тугузбаев, әзірге қандай да бір ақпарат жоқ екенін айтады, бірақ
табылған мәйіт жоғалған қызға тиесілі болуы ықтималдығын жоққа шығармайды.
Айта өтейік, Айдана Досқалиеваны
іздеуге ауыл халқы жаппай жұмылды. Оның суреті
жергілікті аялдамаларға ілініп, полицейлер ақ түсті көліктерді назарға алған
еді.
Илхам ИБРАГИМ