$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

AstanaTV
22.09.2014ж. 13:00
1963
Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

Тереңөзекке төте жолмен жететін болды. Қызылорда облысы Сырдария ауданында қуанышты оқиға. Бөлек аралда қалғандай күн кешкен шалғай ауылдардың тұрғындарын аудан орталығына жылдам жеткізетін жаңа көпір пайдалануға берілді.

Осылайша 13 елді мекен мен орталық арасында жол қатынасы жеңілдеді. Бұған дейін 21 мыңнан астам тұрғын Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпір арқылы аудан орталығына қатынап келген. Ал қыста мұз үстімен өтуге мәжбүр болды.

Осы қиындықтар туралы «Астана» арнасы бірнеше рет хабарлаған болатын. 2,5 миллиард теңгеге бағаланған көпір құрылысы 2012-жылдың мамырында басталған. Алайда, қаржылай қиындықтар туындап, жұмыс кідірген еді. Биыл қайта қолға алынып, су жаңа көпір халықтың игілігіне берілді.

Тимур Нақұсов, мердігер компания басшысы:

Екінші санатқа жататын қос жолақты болғанымен, көпір үлкен 220 метрлік көпірге жатады. Шынында да, қиындықтар болып қаражат жағынан кішкене кедергі болғаны рас. Десе де, аймақ басшылығы бұл нысанды жіті назарға алып, биыл қаражат мәселесі тез шешімін тапты. Сондықтан өңір үшін өте маңызды көпірді аз уақыт ішінде бітіруге тырыстық.

Шәрипа САҚТАПОВА

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық