$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Malaysian Airlines апатында қаза тапқандардың туыстары Украина билігін сотқа берді

AstanaTV
22.09.2014ж. 13:00
1081
Malaysian Airlines апатында қаза тапқандардың туыстары Украина билігін сотқа берді

Германиялық қорғаушы Украина билігін сотқа берді. Донецк облысындағы әуе апатында туыстары қаза тапқан үш неміс отбасының құқығын қорғайтын ол, Украина билігі мен президент Петр Порошенкоға қарсы Еуропаның адам құқықтары бойынша сотына шағым түсірді. Эльмар Гимуллдің сөзіне қарағанда, Киев ұшқыштардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарсыз болса, әуе кеңістігін жабуы тиіс болатын. Енді адвокат құрбан болған әрбір азамат үшін 1 млн еуро көлемінде өтемақы өндіруге ниетті.

Еске салайық, Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан, малайзиялық Boeing 777 ұшағы 17-шілдеде апатқа ұшырады. Борттағы 298 адам түгел қаза тапты. Жуырда Нидерланд қауіпсіздік басқармасы ұшақтың неден құлағаны туралы қорытынды мәліметті жариялаған. Онда апатқа сыртқы факторлар әсер етті делінген.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА