$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Өскеменде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

AstanaTV
22.09.2014ж. 13:00
1215
Өскеменде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша қосалқы шаруашылықты дамытуға несие алған тұрғындардың жәрмеңкесі өтті.

Глубоковский ауданының тұрғындары бірінші рет ет пен сүттен бөлек, ауылдастарының қолынан шыққан сүзбе, қымыз, шұжық пен балдан дәм татты. Бұл ауданда соңғы 3 жылдың ішінде 500-ден аса адам «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 1 миллиардтан аса қаржыны құрайтын несие алды. Бірі қулық бие сатып алса, шағын құс фабрикасын ашып, тірлігін дөңгелетіп жатқандар да бар. Алғашында несиені бір үйден бір ғана адам алса, 1 жыл өткен соң қосалқы шаруышылықты дамытуға арналған несиені түгел отбасы болып ала бастады.

Сонымен, осы жылдың өзінде ауыл тұрғындарына шамамен 300 миллиондай несие берілген. Нәтижесінде, 70 азамат өз бетінше фермер иесі атанды. Бұл аудан қалаға жақын болғандықтан, қалалықтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік мол. Сондықтан, ауыл тұрғындары тірліктен қашып отырған жоқ. Сондай-ақ ауыл тұрғындары, ауданда муниципиалды базар ашып, тауарды алыпсатарларсыз сатуға ұсыныс білдіріп отыр.

Маргарита Пономарева, ШҚО, Глубоковский ауданы Жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

Қазір қоян өсіру шаруашылығын дамытуға қызығушылық жоғары. Себебі, соңғы кездері қоян етіне қалалық тұрғындардар сұраныс артты. Сонымен қатар, қаз өсіру шаруышылығын дамытуға да несиелер алуда. Біз өзіміздің несие алушыларымызды тек үйір-үйір қазды өсіріп қана қоймай, оларды қайта өңдейтін құрал-жабдықтар алуға үгіттеудеміз. Яғни, бізге нақты тауар керек.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ