Қазақстандағы Сенат сайлауына ТМД
елдері үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында
өткен брифингте ТМД байқаушылар миссиясы штабының басшысы Евгений Слобода
мәлімдеді.
Айтуынша, сырттан келетін бақылаушылар
құрамында Украинаны қоспағанда, өзге барлық ТМД елдерінен өкілдер болады. Сондай-ақ,
Евгений Слобода, миссия құрамында білікті мамандардың жұмыс істейтінін айтты. Олар: Ұлттық Парламент
депутаттары мен сайлау комиссияларының өкілдері.
Ал, Қазақстанның Ресеймен шекаралас
өңірлеріне Ресей Федерациясының сайлау комиссиясынан байқаушылар жіберіледі. ТМД
миссиясы өкілдерінің басым көпшілігі Қазақстанда осыған дейін өткен
президенттік және парламенттік сайлауларда байқаушы ретінде қатысқан.
Евгений Слобода, ТМД байқаушылар
миссиясы штабының басшысы:
Биылғы Сенат депутаттарын сайлау ТМД елдері тарапынан зор қызығушылық
тудырды. Қазіргі күні, байқаушылар ретінде
аккредитациялауға ТМД елдерінен 100-ден астам өкіл өтініш білдірді.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ