Жанар-жағармайды жасыратындар
жазаланады! Бұл жөнінде Энергетика министрі
Владимир Школьник мәлімдеді. Айтуынша, бензинді заңсыз бизнес көзіне
айналдырғандар әшкереленіп, заңмен қудаланбақ. Дегенмен,
министр елде жанармай тапшылығы бар екенін жоққа шығармай отыр.
Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:
Біз әрбір қойма мен бөшкелерді тексереміз. Егер
кім де кім жанармайды сатылымға әдейі шығармай, жасырып қойса, жасанды дефицит
жасап, дүрбелең тудырса, заңмен қудаланды. Пайдаға кенелем деген пысықайларды
табатын боламыз. Әрине, бұл жанармай тапшылығы мәселесін шешпейді.
Тығырықтан шығудың тағы қандай жолы
бар? Бұл жайында Владимир Школьник бүгін 22:00-де «Астана» арнасындағы «Открытая
студия» бағдарламасында тарқатып айтады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА