АҚШ әскери ұшақтары Сириядағы 20 нысан
бойынша әуе соққыларын жасады. Негізінен «Ислам мемлекеті» ұйымының Ракка
қаласындағы құрылымдары шабуылданды. Әскери қимылдарға АҚШ-пен қатар Иордания,
Сауд Арабиясы, Бахрейн, Қатар сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің
құрылымдары қатысуда. Құрама Штаттардың «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы әуеден соққы бере бастағанын бүгін Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби мәлімдеген болатын.
Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама
да «Ислам мемлекетіне» қарсы күресті күшейтінін мәлімдеген еді. Ал Ресей жағы үсілді кесілді қарсы. Владимир Путин Сирия
үкіметінің рұқсатынсыз АҚШ-тың шабуылдауы қисынсыз деген ұстанымда.
Айта өтейік, «Ислам мемлекеті» ұйымының
Сирия мен Ирак аумағындағы ондаған мұнай кен орнындарын өз бақылауында ұстап
отырғаны да белгілі болды.
Илхам ИБРАГИМ