$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Қарағандыда 40 келі героин тәркіленді

AstanaTV
23.09.2014ж. 13:00
1255
Қарағандыда 40 келі героин тәркіленді

Қарағандылық полицейлер ірі көлемдегі есірткі партиясын тәркіледі. Тәртіп сақшыларының қармағына 40 келі героин ілінген. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, оның «қара базардағы» құны шамамен 700 мың АҚШ долларын құрайды.

Есірткіні полицейлер Қырғызстаннан Ресейге жол тартқан көліктің ішін тінту барысында тапты. Кәдімгі шаруашылық сөмкелеріне салынған тауар әдейі жасырылмаған. Пысықайлар оны қарапайым жуғыш ұнтақ ретінде көрсетуге тырысқан, - дейді полицейлер. Арнайы жүргізілген сараптама - ақ ұлпаның героин екенін дәлелдеді. Қолға түскендер, тауардың кімге тиесілі екенін түсіндіре алмады. Күдіктілердің арасында әйел адам да бар. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әзірге героиннің Қырғызстанда дайындалғаны белгілі болып отыр.

Мергенбай Жаппаров, Қарағанды облыстық ІІД басшысы:

Қазір біз үшеуінде уақытша қамау изоляторына отырғыздық, қамадық. Осы бойынша іс қозғадық. Енді бұл есерткі қайдан келе жатыр, қайда бара жатыр, мына қылмысты тергеу барысында біз зерттейміз.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ