$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Оралда мәйіті Көшім өзенінен табылған 25 жастағы қыз жерленді

AstanaTV
23.09.2014ж. 20:00
1407
Оралда мәйіті Көшім өзенінен табылған 25 жастағы қыз жерленді

Батыс Қазақстанда осыдан бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Айдана Досқалиеваның денесін, бүгін ауыл халқы жер қойнына табыстады.

25 жастағы қыздың мәйітін 20-қыркүйек күні көршілес Серебряков елді мекеніндегі Көшім өзенінен жергілікті тұрғындар тауып алған. Көргендердің айтуынша, ұзақ уақыт бойы суда жатқан қыздың денесі адам танығысыз болып бұзылып кеткен. Әйтсе де, Айдананың ата-анасы мәйіттің қызына тиесілі екенін айтты. Осыдан кейін сүйек туыстарына табысталған.

Айта кетейік, Айдана Досқалиева биыл тамыздың 13-нде үшті-күйлі жоғалып кеткен еді. Соңғы рет оның ақ түсті «Жигули» көлігінде отырғанын інісі көрген. Содан бері жоғалған қыздан хабар алу мұңға айналды. Өкінішке орай, Айдананың ажалына себепкер болған қандықол қылмыскерлер әлі табылған жоқ. Болған жайтқа қатысты Ішкі істер департаментінің өкілдері қандай да бір ақпарат беруге асығар емес.

Айтқали Әбжан, Щапово ауылының әкімі:

Экспертизадан өткізіп, жаңағы киімдеріменен әке-шешелерінің өздерінің танығанына байланысты, қыз бала деп таптық. Көпшілігі танымаса да, қайғыға ортақтасып, барлығы келіп, қол ұштарын беріп, әркім өзінің жағдайынан келгенінше көмектесіп жатыр.

Еркін ҚАРИН