$533.61 €621.07 ₽6.78
×

АҚШ Сирияны бомбалай бастады

AstanaTV
23.09.2014ж. 20:00
1158
АҚШ Сирияны бомбалай бастады

АҚШ-тың әскери-әуе күштері жасаған шабуылдан Сирияда шамамен сегіз бейбіт тұрғыны көз жұмды. Бұл туралы Reuters хабарлайды. Сондай-ақ, агенттік әуе операциясы кезінде 30 лаңкестің көзі жойылғанын жазады.

Бүгін АҚШ Сириядағы лаңкестерге әуеден соққы беруді бастады. Пентагонның ресми өкілі Джон Кирбидің айтуынша, әскерилер бұл мақсатта жойғыш-бомбалаушы зымырандарды қолданып жатыр. Алдымен діншілер орналасқан 20 нысанда жарылыс болды. Олар жаттығу орталықтары және қару-жарақ лагерлері.

Шетелдік БАҚ әскери операцияға Иордания, Сауд Арабиясы, Бахреин, Катар мен Біріккен араб әмірліктері қатысып жатқанын жазуда. Сирия билігі аумағын бомбалап жатқан америкалықтарға әзірге қарсы шыққан жоқ. Бірақ бұған дейін елдің Сыртқы істер министрлігі Сирияның ішкі шаруасына араласу әрекетін «басқыншылық» деп бағалайтынын мәлімдеген. Вашингтон болса, Сирия билігіне тек әскери шабуыл әзірленіп жатқанын айтумен шектелді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ