Қырғызстанның 170-тен астам азаматы
Сириядағы соғысқа қатысып жүр. «Жемқорлыққа қарсы қоғамдық көмек» бірлестігінің
үйлестірушісі Нұрлан Алымқұловтың мәліметінше, олардың 70-сі әйел, 100 шақтысы
ер адам, деп хабарлайды қырғыз ақпарат көздері. Бірақ
Сирияға кеткендердің басым бөлігі ақша үшін емес, діни көзқарастарына
байланысты аттанған көрінеді.
Ал қыздарды кей фирмалар Түркияда
табысты жұмыс немесе ауқатты күйеу тауып береміз деп алдап-арбап апарады екен. Бірақ елден алып шыққасын, олардың құжаттарын тартып алып,
Сирияда соғысып жүрген әскерилерге тұрмысқа береді. Сөйтіп, қолдарына
қару ұстатып, ұрыс тәсілдерін үйретеді. Өйткені қыздар көп жағдайда күдік
тудырмайды. Сириядағы жиһадшылар осыны пайдаланып жатыр дейді Нұрлан Алымқұлов.
Ал кей сарапшылардың айтуынша, Сирияда
соғысып жүрген қырғыздар саны ресми мәліметтерден 2-3 есе көп. Қырғызстан мен Түркия арасында визалық қатынастың
жоқтығынан құқық қорғау органдары Сирияға қанша азаматтың аттанып жатқанын
нақты анықтай алмай отыр дейді сарапшы.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ